БҚО: Тұрғын танысын өлтіріп, денесін өртеп жіберген
7 Маусым 2023

БҚО: Тұрғын танысын өлтіріп, денесін өртеп жіберген

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады
7 Маусым 2023

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды
7 Маусым 2023

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді
7 Маусым 2023

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті
7 Маусым 2023

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады
7 Маусым 2023

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады

21.03.2023, 21:46
Оқылды: 29
Қош келдің, қазағымның жаңа жылы!
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Сырым ауданында түрлі шаралар ұйымдастырылуда.  Бұландықтар да мерекені биыл лайықты түрде атап өтуге айрықша көңіл бөліп, Наурыз мейрамы “Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері” атты келіндер сайысы,  “Ата баба дәстүрі - ұрпаққа аманат” бата беру сайысымен басталып, бүгін ұлыстың ұлы күніне “Қош келдің, қазағымның жаңа жылы” мерекелік шарамен жалғасын тапты. 
image-21-03-23-09-10-1
Салтанатты жиында ауыл әкімі Мұрат Меңдібайұлы сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарын  тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке - наурыз мерекесімен құттықтады.
image-21-03-23-09-10
Мәдениет үйінің өнерпаздары өнерлерін ортаға салып, наурыз туралы өлеңдерін, мың бұралған бишілер тобы әсем билерін ұсынды. Ауылдың келіндері келген қонақтарға «Ақ мол болсын» деген ниетпен тостақтарға құйылған наурыз көже ұсынды.
image-21-03-23-09-10-6
image-21-03-23-09-10-4
image-21-03-23-09-10-2
image-21-03-23-09-10-9
Қазақтың арқан тартыс, асық ату ойындары ойнатылып, балалар және жастар арасында қазақша күрестен, қой көтеруден жарыс өткізіліп, жеңімпаздар марапатталып, ақшалай сыйлық табысталды.
Айман Өтеғалиева,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале