23.08.2026, 15:35
Оқылды: 8

Көшбасшы спортшының азаматтық адымы

Ұлттық спортты ұлықтап, намысты қолдан бермей жүрген саңлақтар қай салада да өзгелерге үлгі. «Ақ бидай – 2025» ауыл спорты ойындарының чемпионы, аударыспақтан ел чемпионатының жүлдегері Бекзат Мұсаев маңызды саяси науқан – құрылтай сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады.

image-23-08-26-03-29

Бозкілемде білек қайрап, ат үстіндегі айқаста дараланып жүрген спортшы сайлау учаскесіне келіп, өзінің конституциялық құқығын пайдаланды.

«Спорттағы жеңіс ел беделін өсірсе, сайлаудағы таңдау елдің болашақ бағытын айқындайды. Киелі жердің намысын қорғап жүрген спортшы ретінде бұл саяси шараға қатысуды өз азаматтық борышым деп санадым. Бірлігіміз бекем, еліміз аман болсын!» – деді чемпион.

Ауыл спортын өрге сүйреп, жастарға салауатты өмір салтын насихаттап жүрген Бекзаттың бұл қадамы – спорттағы жеңімпаздық рух пен жоғары азаматтық жауапкершіліктің үлгісі.

Арай Сейфуллиева
 Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале