4.07.2026, 9:30
Оқылды: 11

Көшім ауылының кіреберіс жолы уақытша жөнделді

Бәйтерек ауданына қарасты Көшім ауылындағы ең өзекті мәселелердің бірі — жол жайы уақытша болса да шешімін тапты.

InShot_20260704_030803865

Ауылда өткен жиындар мен есептік кездесулерде тұрғындар кіреберіс жолды ретке келтіруді жиі көтеретін. Көшім ауылдық округінің әкімі Ауған Алмурзиннің айтуынша, ауылдағы 11 көшенің ешқайсысы асфальтталмаған. Сол себепті аудан әкімінің өтінішімен, Орал – Атырау тас жолына жөндеу жүргізіп жатқан «ДСК Приоритет» ЖШС Көшімнің негізгі кіреберісі саналатын Мектеп көшесінің 600 метрлік бөлігіне фрезерленген (ескі) асфальт төсеп берді.

InShot_20260704_030828506

Серіктестік директоры Жанна Тәжғұл бұл ауылға кіреберіс жолдың негізгі жобасы дайын екенін, бірақ қазіргі уақытта оны жүзеге асыруға бюджеттен қаржы бөлінбей тұрғанын атап өтті. Компания тұрғындардың қауіпсіз қатынауы үшін өз қаражаты есебінен уақытша жол салып, жұмысты түнге дейін жүргізген. Ауыл тұрғыны Мейрам Бақтығұлов бұл бастамаға халықтың риза екенін айтып, алдағы уақытта көшелерге күрделі жөндеу жүргізіледі деп сенетінін жеткізді.

InShot_20260704_030916699

Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале