9.09.2021, 10:22
Оқылды: 25

Көшімдіктер алда

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Бәйтерек ауданы спартакиадасының финалдық бәсекелері өтуде. Жуырда стритбол шеберлері паркетте кездесіп, өзара мықтыны анықтады.

 IMG_7304

- Көпшіліктің сүйікті ойынына айналып үлгерген стритбол ауданда да қарқынды дамып келеді. Қатысушы командалардың көп болғаны соған дәлел. Жастарды спортқа баулып, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру үшін осындай жарыстар жиі өткізіп тұратын боламыз. Бабы мен бағы келіскен команда жеңіске жетсін, - деді жарыстың ашылу салтанатында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Радик Ихласов.

IMG_7419 (2)

Ауданның барлық округінен келген көше баскетболы шеберлерінің тартысы қызыққа толы болды. Жарыс ережесіне сай бірнеше топқа бөлініп, финалдық кезең жолдамасын сарапқа салған стритболшылар жарысының қорытындысында янайкиндіктер үшінші, рубежиндік стритболшылар екінші орын иеленді. Ал қарсыластарының барлығын жеңген Көшім ауылының командасы жарыс жеңімпазы атынды.

IMG_7325

Сонымен қатар нәзік жанды стритболшылар да аудан спартакиадасы жеңімпазы атағын сарапқа салды. Қорытындысында переметныйлық арулар үшінші, рубежиндіктер екінші орын иеленсе, Көшім командасы тағы да жеңімпаз деп танылды.

 

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале