Бүгін қособалықтар үшін маңызды күн. Өйткені олар бүгін ауыл әкімін таңдайды.
N296 Қособа сайлау учаскесінде Қособа ауылдық округіәкімінің сайлауы таңғы сағат 7-де мемлекеттік гимнменбасталды. N296 Қособа сайлау учаскелік сайлаукомиссиясының төрағасы Қанат Шарифуллин сөз сөйлеп, ашты.
Ең бірінші болып ауыл тұрғыны Гүлбағида Сәрсенғалиевадауыс берді. Ерте келген алғашқы сайлаушыға ҚанатШарифуллин естелік сыйлық табыс етті.
Бюллетень саны —395. Сайлаушылар саны— 391.
Сайлауға бақылаушы ретінде «Жария» тәуелсізбақылаушылар қозғалысы ЖҚБ атынан Серік Зиятов, «Абырой» қоғамдық бірлестігінен Самал Ғилманова қатысуда.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz