18.09.2024, 20:00
Оқылды: 81

Қосшы ауылына жаңа әкім тағайындалды

Бүгін Тасқала ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Рауан Рахметуллин Оян ауылында болып, сайлауда ең көп дауысқа ие болған Қосшы ауылдық округінің жаңа әкімі Ербол Сидағалиевті  ауыл активіне таныстырды.

9EFB4512-9D0A-48FC-8031-9B48A608874B

Одан әрі Тасқала ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Динара Баишева Ербол Меңдіханұлына куәлік табыстап, сайлауда белсенділік танытқан ауыл тұрғындарына ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, Ербол Меңдіханұлы 1971 жылы 25 мамырда сол кездегі Камен ауданына қарасты Степной кеңшарында дүниеге келген.

Білімі – жоғары. Үйленген. Екі баланың әкесі.

Ербол Меңдіханұлы алғашқы еңбек жолын 1986 жылы Степной кеңшарында жұмысшыдан бастаған.

FE116F57-106B-41A8-9E95-C1CC906D998C

1986-1990 жылдар аралығында Орал қаласындағы ауылшаруашылық техникумында «агроном» мамандығы бойынша білім алған. Кейін аталмыш кеңшарда агроном болып қызмет еткен. 1993 жылы Тасқала ауданы «Қазахгаз» Ұлттық газ компаниясының «Оян» МК-да түрлі қызмет атқарған. 1993-2015 жылдар аралығында ҚР Ішкі істер министрлігінің Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті органдары мен Переметный ауылында қызмет атқарған.

2016-2018 жылдары Бәйтерек ауданына қарасты Көшім ауылдық округінің, 2018-2022 жылдары Железнов ауылының әкімі лауазымында қызмет атқарған. Бүгінгі күннен, яғни 18 қыркүйектен бастап – Тасқала ауданына қарасты Қосшы ауылдық округінің әкімі.

Жиын соңында ауыл үлкендері жаңа әкімге қош келдіңіз айтып,  игі тілектерін білдіріп, ақ батасын берді.

Тасқала ауданы

Назгүл Серікқызы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале