25.01.2022, 16:15
Оқылды: 34

Ковид күшейіп келеді

Дүние жүзі елдеріне сыналап кірген бұл індет түсін өзгерткен хамелеондай әртүрлі атаумен, түрлі белгілерімен қайта айналып соғып отыр. Күні кеше ғана жайбарақат жүріп, қауіптің беті қайтты-ау деген жұртшылық омикрон штаммының елімізден табылып жатқанын естіп, қауіптене бастады. Оның ауылын алыс қылсын, бірақ бүгінгі таңда ковид күшейіп, бүкілге дерлік облыс «қызыл аймаққа» алынды. Соның ішінде Шыңғырлау ауданының өзі осы аймаққа аяқ басқаны өкінішті. Соңғы мәліметке көз салсақ, қаңтар айында індетті жұқтырған 79 тұрғын тіркелген. Тіркелген 72 науқастың анық белгілері бар болса, 7-і симптомсыз ауруда.

covid-19-1

Талап етілген нұсқаулық пен ережені ұстанбаған жағдайда ауру өрши бермек. Шыңғырлау ауданының бас санитар дәрігері Ермек Сабиров аудан тұрғындарын қажетсіз жиындардан, қонақтықтан, той-томалақтардан аулақ болуға шақырып, бетперде режимін қатаң сақтаудытағы да еске салуда. Осы орайда вакцина алудың маңыздылығы зор екендігін жұртшылықтың назарына салғымыз келеді. Қазіргі таңда ауданымызда вакцинаның І-ІІ компоненттерін толық алғандар енді ревакцинация алуда. Осы жауапты жұмыстардың басы-қасында жүрген дәрігер-эпидемиолог Әлия Серікбайқызы ревакцинацияны 850 аудан тұрғыны алғанын хабарлайды. Дәрігер ревакцинация алу жаңа штаммен аурудың қауіптілігін азайтатынын, әлдеқалай ауыра қалған күнде де ағзаның аурумен күресуінің жеңіл болатынын тілге тиек етеді.

Иә, қауіптің бетін аулақ қылсын. Десек те, өз денсаулығымыз тек өзімізге керек екенін ұмытпайық.

Гүлім Шынтас,

Шыңғырлау ауданы 

zhaikpress.kz

Фотосурет: okd-center.ru

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале