12.03.2026, 12:00
Оқылды: 9

ҚР Президентінің кеңесшісі Ақжайық ауданының тұрғындарымен кездесті 

Алдағы жексенбіде бүкіл еліміздегі референдум учаскелері жұмысқа кіріседі. Конституциямызға өзгерістер енгізу жөнінде осы күні байтағымыздың халқы тарихи шешім қабылдамақ. Осыған орай апта сейсенбісінде Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Ақжайық ауданының орталығында болып, тұрғындармен кездесті. Ол елімізде қолға алынған конституциялық жаңғыру үдерісінің оң тұстарын кеңінен баяндап, алдағы республикалық референдумның маңызына тоқталды.

WhatsApp Image 2026-03-12 at 12.25.46

Жиынға аудан әкімі Мұрат Сердалин, аудандық мәслихат депутаттары, еңбек ардагерлері, қоғамдық ұйым жетекшілері және жергілікті тұрғындар қатысты. Кездесуді облыс мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаев жүргізді.

WhatsApp Image 2026-03-12 at 12.25.45
– Бүгінгі кездесуіміздің негізгі мақсаты – жаңа Конституция жобасының мәні мен маңызын ұғындыру. Әр заманның өз заңы бар. Оған тарихтағы Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы куә. Біздің алғашқы Конституциямыз тоқсаныншы жылдары Франция елінің заңына ұқсастырылып, түпнұсқасы орыс тілінде жасалды. Бүгінде ол толықтай ана тілімізде жазылып, жаңартылды. Адам құқығы, мемлекеттік басқару, цифрлық кеңістіктегі үдерістерге сай өзгерістер енгізілді. Референдум арқылы әрбір қазақстандық өз ойын білдіре алады. Біз реформаға байланысты барлық ұсыныстарды ескердік және олар Конституция жобасында өз көрінісін тапты. Бұл – еліміздің дамуына және азаматтық қатысуды кеңейтуге бағытталған маңызды қадам, – деді Мәлік Нұржанұлы.

WhatsApp Image 2026-03-12 at 12.25.47
Жүздесуде аудандық мәслихат депутаты Құрман Бисеғалиев, еңбек ардагері Дәулетжан Жақсыбаев және Бударин ауылдық округі аналар кеңесінің төрайымы Ғайни Машаева сөз сөйлеп, конституциялық реформаны қолдайтындарын жеткізді.

Нұрбек Ихсан, 
Ақжайық ауданы

WhatsApp Image 2026-03-12 at 12.25.47 (1) WhatsApp Image 2026-03-12 at 12.25.46 (2)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале