3.05.2024, 20:00
Оқылды: 16

ҚР Жоғарғы сотының доғарыстағы судьясын елі қарсы алды

Бүгін ауданы әкімі Тимур Шиниязов жерлес, Жәнібек ауданының құрметті азаматы, кезінде Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің департамент директоры, ҚР Жоғарғы сотының доғарыстағы судьясы болған Ғалихан Бапақовты қабылдады.

IMG_0093

- Құрметті Ғалихан Айдынғалиұлы, елге қош келдіңіз! Өзіңізбен әріптестерім сырттай таныстырып жатыр. Осы жерден шыққан екенсіз, Жоғарғы соттың судьясы болыпсыз, ауданымыздың құрметті азаматы екенсіз. Біз де өзіңіз көргендей, тыныш, судан әйтеуір аманбыз. Республикалық жолымыз бітті былтыр. Сол үлкен қуаныш. Қазіргі мәселе киік болып тұр бізде. Бүгін облыстан бір топ әріптестеріміз келе жатыр осы мәселені талқылауға. Көрші аудандардың шаруа қожалықтарынан да келіп жатыр. Киіктің саны көбейіп, қазір миллионнан асып кетті ғой. Соның салдарынан былтыр шөпті дұрыс жинай алмай қалдық. Бізде негізінен мал шаруашылығы ғой, - деді Тимур Серікұлы ауданның жағдайымен қысқаша таныстырып.

IMG_0113

- Қазір Астана қаласында тұрып жатырмын. Ұзынкөл ауылында дүниеге келдім. 1966 жылы мектеп бітіріп, Алматыға бардық, содан әскерге алынып, үш жыл әскери-теңіз флотында қызмет атқардым. Қайтып келіп жиырма жыл КГБ, КНБ-да жұмыс істедім. 1995 жылы Жоғарғы сотта істеп, 2017 жылы доғарысқа шықтым. Сөйтіп жүріп жатырмыз, биыл елге барып қайтайық деген оймен келдік. Өзіміз тоғыз ағайындымыз, құдайға шүкір, бәріміз де тіріміз. Менен үлкені жетпіс бесте, ең кіші қарындасым елу төртте, әкеміз жүзге толып жатыр. Ұлы Отан соғысының ардагері, алпыс үш жасында қайтыс болды. Құран оқытып, еске алып жатырмыз, - деді Ғалихан Айдынғалиұлы өзін таныстырып.

Бұдан кейін келген қонағымыз аудандық ардагерлер үйіне ат басын бұрды. Мұнда Ғ.Бапақовты «Ардагерлер ұйымы» РҚБ аудандық филиалының төрағасы Амангелді Уәлиев қарсы алып, ардагерлер үйінің жұмысымен кеңінен таныстырды. Жиын барысында Ғалихан Айдынғалиұлының өмірбаяны таныстырылды. Аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов сөз сөйлеп, жерлесіміз А.Бапақовтың иығына шапан жауып, шағын сый-сияпатын ұсынды. Әрі қарай Ғалихан Айдынғалиұлы сөз алып өзіне көрсетілген құрметке ризашылығын білдірсе, ардагерлер ұйымының төрағасы Амангелді Мырзағалиұлы, Жәнібек ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қабаш Жүнісов, Жәнібек ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Ерсайын Құбашев, тағы басқалар сөз алып, қонағымызға ізгі тілектерін арнады. Кездесу барысында мәдениет қызметкерлері әннен шашу шашты.

Асқар Құсайынов,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале