4.07.2025, 16:45
Оқылды: 501

«Күй күмбірі –даламының үйі»

Бүгін  Тасқала ауданында мәдени –демалыс орталығының ұйымдастыруымен «Күй күмбірі –даламның үйі» атты мерекелік шара өтті. 

WhatsApp Image 2025-07-04 at 15.37.56

Оған арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Саягүл Галиева барша жұртшылықты домбыра күнімен құттықтады. «Қазақ пен домбыра – егіз ұғым. Күмбірлеген домбыраның үні батырларымызға рух, ақындарымызға шабыт берген. Домбыра әрбір қазақтың рухын көкке көтеретін құнды қазынамыз болуы тиіс. Ұлттық домбыра күні – Рухани жаңғырудың әдемі көрінісі. Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен құттықтай отырып, бақытты да баянды өмір, зор денсаулық, жемісті еңбек, шаңырақтарыңызға шаттық пен қуныш, құт-береке тілеймін», - деді аудан әкімінің орынбасары Саягүл Мәулетқызы.

WhatsApp Image 2025-07-04 at 15.38.10

Сондай-ақ, мерекелік шараға мәслихат хатшысы Жанар Бисенғалиева,"AMANAT" партиясы Тасқала аудандық филиалының төрағасы Люция Жұбанышқалиева, және мекеме басшылары, мекеме қызметкерлері қатысты. Шара барысында мәдени демалыс орталығының өнерпаздары өнерлерін паш етіп, халықтың қошеметіне бөленді.

Гүлмира Мақанова,
Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале