20.11.2018, 10:19
Оқылды: 295

Құли ата зираты қоршалды

Қаратөбе ауданына қарасты Үшағаш елді мекеніндегі емші, көріпкел Құли ата жерленген «Ақсуат» қорымы қоршалды. Қорымды қоршау ісін қолға алып, игі істің жүзеге асуына ұйытқы болған облыстық мәслихаттың депутаты – Құсайын Мұқанов. 

Quli ata qaratobe (1)

Қоршау жұмыстарының аяқталуына орай зират басына жиналған жамағат атынан аудандық мешіттің бас имамы Әділжан Бекқазиев баба рухына арнап дұға оқыды.

Одан кейін көріпкелдігімен елге танылған Құли атаның рухына ауылдағы «Нұрай» тойханасында құран оқытылып, ас берілді.

Баба рухын қастерлеп, қайырымды іс жасаған азамат Құсайын Ізімұлына аудан әкімінің орынбасары Рашит Иманғалиев, аудандық мәслихат хатшысы Қадыржан Сүйеуғалиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Ермекқалиев және ата ұрпақтары алғыс айтып, алдағы ісіне табыс тіледі.

– Көріпкелдігімен талай адамға шарапаты тиген Құли ата зираты жатқан жерді қоршау ақсақалдар тарапынан айтылған болатын. Қорымды қоршау жұмысын қолға алып, оны аяқтауға уәде бергенмін. Осы уәделі істің сәті түсіп, ұзындығы 300 метр болатын қоршау жұмысы бір ай ішінде аяқталды. Ізгі жұмыстың жасалуы барысында көмектескен барша азаматтарға, атаның тума-туыстарына ризашылығымды білдіремін дейді, - Құсайын Мұқанов.

Ауыл ақсақалдары, ел азаматтары, Құли ата ұрпақтары бас қосқан дастарқан басында атаның өмір жолы, көріпкелдігі, емшілігі, адамгершілік қырлары айтылды.

Quli ata qaratobe (3)

Серікбай ХАСАНОВ,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале