17.08.2026, 16:15
Оқылды: 5

«Күміс алқа» алқа табысталды

Жуырда аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова өзінің жұмыс орнында Ұзынкөл ауылының тумасы Арайлым Айтмухамбетованы қабылдап, ҚР Президентінің жарлығына сәйкес «Күміс алқа» алқасын табыс етті.
770919040_18229900570316896_1838979610187576463_n

Аудан басшысы көпбалалы ананы марапаттап, ізгі тілегін арнап, гүл шоқтарын ұсынды.

-Сіздей батыр аналардың көп болғанына қуаныштымыз. Балаларды өмірге әкеліп, оларды тәрбиелеп аяқтандыру оңай шаруа емес екендігі белгілі. Соған қарамастан көпбалалы ана атанып, қоғамда өзіндік орныңызды қалыптастырғаныңызға бек ризамыз. Осындай  орайлы сәтті пайдалана отырып, Президентіміздің жарлығымен тағайындалған «Күміс алқаны» мойныңызға таққалы отырмыз. Деніңізге саулық, басыңызға амандық тілеймін. Барлық ойлаған арман-мақсаттарыңызға жете беріңіз», - деді аудан басшысы Әлия Биғазықызы.

«Күміс алқа» иегері Арайлым Галимжанқызы бұл күнде үш қыз, үш ұл тәрбиелеп отырған ардақты ана. Балаларының алды Ұзынкөл орта жалпы білім беретін мектебінде оқыса, кішілері үйде анасының тәрбиесінде.

Қ.Аманжол

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале