20.04.2023, 19:35
Оқылды: 73

«Күміс алқа» табысталды

 

күміс алқа 2

«Бүгін жақсы себептермен жиналудың сәті түсіп тұр. «Күміс» алқаның иегерлерін марапаттауға жиналып отырмыз. Алты балаға өмір сыйлаған көпбалалы ана Айнагүл Гумарова, Айгерім Кушекбаева және кәсіпкер Алтынай Оразалиеваға Президенттің атынан «Күміс алқаны» табыс етуге рұқсат етіңіздер. Жанұядағы тәрбиенің жақсы жетістіктері - ата-ананың арқасы. Саналы  ұрпақ тәрбиелеудің өзі - үлкен міндет. Осы жерге жиналып сіздердің қуаныштарыңызға ортақтасқанды жөн санадық. Жалпы халықтың демографиясын көтеруге атсалысқан өздеріңіздей аналарды кейінгі жастарға үлгі етуіміз керек. «Алтын алқа» иесі атануларыңызға тілекшімін. Жанұяларыңыз көбейе берсін. Дендеріңізге саулық, балаларыңыздың қызықтарын көре беріңіздер. Тек жақсылық болсын. Бүгін міне сізге «Күміс алқаны салтанатты түрде табыс етудің куәсі болып отырмыз», - деді аудан әкімі Бауыржан Есқайырұлы.

«Қасиетті рамазан айында керемет марапатқа ие болып отсыздар. Барлық дұға тілектеріңіз қабыл болсын! Ананың бар махаббаты, мейірімі барлығы көзінде, ақыл парасаты сөзінде деген екен. Неліктен біздің қазақ көрегенді, текті. Себебі жанұясындағы алған тәрбиесіндегі байланысты айтады. Өсіріп отырған балаларыңызда адамгершілік атты асыл қасиет болсын. Болмыстарында  ұлттық рух, ұлттық намыс болсын. Сіздер мақтан ететіндей қасиеттер көп болсын тұла бойында. Қазіргі дүниге келіп жатқан сәбилерміз - біздің болашағымыз, ұлттың болашағы. Ертең марқайып, қызығын көріңіздер, отбасыларыңызға ырыс-береке тілеймін. Бақытты болыңдар», - деді Майра Әбуқызы. Аудандық мәслихат хатшысы Жанар Нұрболатқызы да өз кезегінде батыр аналарға жылы  лебізін жеткізді.

Гүлмира Серікқалиқызы,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале