12.01.2024, 17:58
Оқылды: 64

Күміс алқа табысталды

Казталовка ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов ауданымыздағы көпбалалы аналармен кездесіп, «Күміс алқа» табыстады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 25 желтоқсанындағы №421 Жарлығы бойынша Рысханым Қазбекқызы Тоғаева, Венера Мағзомқызы Жәрдемова, Ләззат Қанатқызы Нұрпейсова алты баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелегені үшін «Күміс алқамен» марапатталды.
image-12-01-24-10-06
Аудан әкімі аяулы аналарды марапаттарымен құттықтап, денсаулық, жұмыстарына табыс, отбасыларына амандық тіледі.
image-12-01-24-10-06-3
- Ана - әлемнің шамшырағы, бесіктің иесі, өмірдің керегесі. Ананың аялы алақаны мен жылы жүрегіне, шексіз мейірімі мен кіршіксіз таза көңіліне тең келер ештеңе жоқ. Сондықтан да біздің аяулы аналарымыз бен ардақты әкелеріміз аман болсын. Ұл-қыздарыңыз аман-есен өсіп, болашақта ел тізгінін ұстар салиқалы азамат атанып бақытқа бөлене берсін, - деді өз сөзінде аудан әкімі.
Өз кезегінде «Күміс алқа» иегерлері  Рысханым Тоғаева,  Венера Жәрдемова және Ләззат Нұрпейсова осындай сый-құрмет көрсетіп жатқан мемлекет басшысы мен аудан әкіміне алғыстарын айтты.
Киелі шаңырақтың шаттығы мен берекесін келтіріп отырған ардақты аналарымызға балапандарының қызығын көріп, бақытты ғұмыр кешуіне бізде тілекшіміз.
image-12-01-24-10-06-1
image-12-01-24-10-06-2
Гүлнұр Бөлешова,
Казталов ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале