23.10.2023, 12:00
Оқылды: 41

«Күміс жас»: екі адам тұрақты жұмысқа орналасты

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталған «Күміс жас» жобасы енгізілді. Бұл 50 жастан асқан жұмыссыздардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған жоба.

ЖП

Биылдан бастап «Күміс жас» жобасына қатысушылар контингентіне 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар енгізіліп, қатысу мерзімі 36 айға дейін, сондай-ақ қатысушылардың жалақысы бойынша субсидиялар мөлшері ұлғайтылды. Бұл жобаның әлеуетін шыңғырлаулық егде жастағы жұмыссыз тұрғындар сезініп те үлгерді.

«Осы жоба аясында алғашқы күннен-ақ аудандағы мансаптық орталығы аудан көлеміндегі 50 жастан асқан және жұмысқа мұқтаж жандарды анықтап, тізімге алды. Жұмыссыз тұрғындардың өздерінің бейімділіктеріне орай жұмыс түрлері қарастырылған. Жұмыс берушілер және белгілі бір мамандық түрлері бойынша ұсыныс түсірген ұйым-мекемелер сұраныстары екшеленді. Осылайша қазіргі уақытта аудан бойынша «Күміс жас» жобасы жоспарына 15 адам бекітіліп, 17 тұрғын трактор жүргізушісі, нан пісіруші, жануарларды күту қызметкері, аспаз мамандықтары бойынша сұраныс түсірген ұйымдарға жолданд.

Ал жобаны аяқтаған екі адам өздері жасаған шаруа қожалықтарына тұрақты жұмысқа алынды», - дейді Шыңғырлау аудандық мансап орталығының директоры Бауыржан Наурызалиев.

Гүлшат Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале