17.08.2022, 12:45
Оқылды: 21

“Күміс жас” жүзеге аспақ

Қособа ауылдық округінің мәдениет үйінде аудан әкімі Төлеген Төреғалиев пен Қособа ауылдық округінің әкімі Бейімбет Жайманов ауыл тұрғындарымен кездесті.

image-17-08-22-12-21-4

Кездесу барысында ауыл халқын толғандырған мәселерлер қозғалып, ұсыныс-пікірлерді ортаға салды. Жол және ауыз су мәселесі жиында қызу талқыға түскен тақырыптардың бірі болды. Қазіргі таңда ауылға “Ақбұлақ” бағдарламасы бойынша ауыз су кіргізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

image-17-08-22-12-21-2

Ауыл әкімі Бейімбет Есетұлы жалғыз басты аналардың үйіне ауыз су кірігізіп беру қарастырылғанын жеткізді.

image-17-08-22-12-21

Аудан әкімі Т.Төреғалиев зейнеткерлікке 2 жыл қалған азаматтардың “Күміс жас” бағдарламасымен жұмысқа кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарына жіберіліп, жалақының 50 пайызын кәсіпкер, 50 пайызын мемлекет төлейтінін атап өтті.

image-17-08-22-12-21-1

Ауыл тұрғындары дүкендегі азық-түлік бағасын, өнімнің жарамдылық мерзімін қадағалауды ұсынды.

Айман Өтеғалиева,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале