24.01.2023, 11:00
Оқылды: 50

«Құмырсқаны» тізгіндеген зейнеткер

Суреттен көріп тұрғандарыңыздай, атасы немерелерін көлікпен тасып жүр. Қандай көлік дейсіз ғой? Бұл сіз ойлағандай жай ғана көлік емес. Сонау 1960 жылдары «муравей» атты мотоциклді естулеріңіз болар. Аталарымыз бұл үш аяқты шағын көлікті жүк тасуға ыңғайлы деп айтып отырушы еді. Казталов ауданына қарасты Қошанкөл ауылының тұрғыны, зейнеткер Дамир Садықов немерелерін бөбекжайға осы көлікпен апарып, алып келеді.

Кумырсканы тизгиндеген зейнеткер

Кейіпкеріміздің үш аяқты мотоциклді көлік еткелі екі жыл болыпты. Зейнетке шыққалы шаруаларымды осы көлікпен тыңдырып келемін дейді.

«Мұны «Муравей» деп атайды. Қазақша аты – «құмырсқа». Құмырсқа секілді жүкті өзінен он есе көтереді. Зейнеттемін, көлігім жүрсе жүремін, жүрмесе жүрмеймін. Көлік өзіме көмек. Керек-жарақтарды, азық-түлікті, тіпті суды да тасып, қала берді немерелерімді де жаяу жүргізбеймін, -дейді қошанкөлдік Дамир Садықов.

Кеңес дәуірінде Ресейден келген көлік құралының шығарылуы қазір тоқтаған. Десе де, қосалқы бөлшектері жетіп артылатындықтан, жөнделуінің жеңілдігін де ағамыз тілге тиек етті.

Жарты тонна жүк көтеретін «Құмырсқаны» көргендердің көбі таңырқанып, таңдана қарайды екен.

Әсем Халиуллина,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале