7.04.2022, 12:15
Оқылды: 84

Күн сайын ауызашар

Рамазан – Хижра күнтізбесінің тоғызыншы айы. Бұл айда барша мұсылман қауым Алла разылығы үшін таң атқаннан кеш батқанға дейін ауыз бекітіп, ораза ұстайды. Жаңақала ауданында да ораза ұстаушылардың саны жылдан-жылға артып келеді. Сәуір айының екісінде басталған оразаның алғашқы күні мешіт асханасында ауызашар дастарқаны жайылды.

3

Фотосурет: muftyat.kz

Алғаш боп ауызашар ұйымдастырған – аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаттың ұжымы. Жаңақала ауылдық округ әкімдігі аппараты, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі ұжымдары да өз кезегінде ауызашар дастарқанын жайып, сауапты іс атқарды. Аудандық мешіттің бас имамы Жомарт Лұқпанов ауызашар берген ұжымдарға жамағат атынан алғыс айтты.  Әр ауызашар дастарқанында ізгілікке толы рухани әңгімелер айтылуда. Мешіт асханасында Рамазан айының құрметіне 30 күн бойы ауызашар дастарқаны ұйымдастырылмақ.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале