2.05.2024, 17:23
Оқылды: 50

Күн сүйеді диқандардың маңдайын ...

Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов орынбасары Қайрат Төлеповпен бірге округтердегі көктемгі далалық жұмыстармен танысты.

 PHOTO-2024-05-01-17-20-29

СОҚАМЕН ҚОШТАСУДЫҢ ЖӨНІ ЖОҚ

2023 жылы аудан бойынша егіс алқабы 24 705 га құрады. 13448 га жерге дәнді дақыл  егілді. Ауа райының ыстық болуына байланысты 709 га егістік есептен шығарылды. Ал қалған – 12 739 га егістік жерден 10 584 тонна өнім алынды. Шығымдылығы - 8,3 ц/га.

Майлы дақылдар дәні былтыр 9379 га алқапқа шашылды. 270 га егістік есептен шығарылып, қалған 9 109 га егіннен 7080,4 тонна өнім жиналды, Шығымдылық - 7,8 ц/га.

Мал азықтық дақылдарының үлес салмағында өсім бар. Егілген екпе шөп көлемі 1878 га құрайды. 2024 жылда көктейді деген ниетпен аудан бойынша 4 шаруа қожалығы 685 га жерге күздік екті.

Сырым аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Асхат Бисенғалиевтің айтуынша, сырымдық диқандар биыл да далаға дүбірмен келіп жатыр.

PHOTO-2024-05-01-17-20-34 (1)

Көктемгі егіс салу үшін шаруалар 22 600 га алқапқа ұсыныс берген. Күздік егінді қоса есептегенде, жалпы көлем 23 285 гектарды құрайды. Бүгінгі таңда 17 шаруашылық құрылымы 16 601 га жер жыртты. Биыл егін науқанына 35 шаруашылық құрылымы қатысады деп болжануда. Әрине, әр шаруашылықтың әлеуеті мен мүмкіндігі, даму жоспары әртүрлі. Десек те, шаруалардың дені малдың басын көбейту, тұқымын түрлендіру ісіне ауысқасын, олардың азықтық қорын қамтамасыз ету қосарланып атқарылатын іске айналуы тиіс. Сондықтан, Сырым ауданына соқамен қоштасуға әсте болмайды.

№ р/с Дақыл атауы Тапсырма Жоспар

Орындалуы,%

1 Егілген күздік 685 685 100
с.і.күздік бидай 505 505 100
     күздік қара бидай 180 180 100
2 2024 жылдың өніміне жыртылған жер 6900 16601,7 240,6
       
3 Көктемгі егілетін дәнді дақылдар барлығы 10800 12700,3 117,6
с.і. жаздық бидай 3000 4570,3 152,3
      арпа 6500 6500 100
      тары 900 480 53,3
      құмай 400 1150 287,5
4 Көктемгі егілетін майлы дақылдар барлы. 9300 7831,7 84,2
с.і. күнбағыс 3800 3980,7 104,8
мақсары 5500 3851 70,0
5 Екпе шөп барлығы 2500 2848 113,9
с.і. жетняк 1000 300 30,0
      суданка 1500 2548 16909
Барлық көктемгі егіс алқабы 22600 23380 103,5
       
Аудан бойынша барлық егіс алқабы 23285 24065 103,3

ТЕХНИКА ТҰР «ТЕБІНІП...»

Жұмыс жоспары бойынша көктемгі далалық жұмыстарын оңтайлы мерзімде өткізу мақсатында ауыл шаруашылығы техникасы - тырмалар, тұқым сепкіштер, тракторлар дайындалды. «Тебініп тұрған» техникалар саны туралы ақпарат төменде:

Трактор Тұқым сепкіш Тұқым себу кешені Қопсытқыш Тырма
360 329 4 10 2845

Егін шаруашылығындағы негізгі екі мәселе – тұқым мен жанармай. Көктемгі далалық жұмысқа 28 шаруашылық құрылымы 480 тонна арзандатылған жанар жағар майға оператор «Нефтек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы өтініш берді. Қазіргі уақытта 20 қожалық 376 тонна үшін келісім шартқа отырып, 6 шаруашылық 41 тонна үшін есептесті.

Биыл Сырым даласындағы егіс алқабына 1329 тонна тұқым қажет болса, оның 86% - ы қоймада тұр. Қазіргі уақытта диқандар қолда бар тұқымды «Орал-Жер» ЖШС-нің зертханасына зерттеуге тапсырып жатыр. Жетпейтін тұқым көлемін қайдан алады? Жетпегендер облыстың аумағындағы шаруашылық құрылымдарынан және көрші Ресей мемлекетінен жоғары сапалы тұқымдарды алуға жұмыстанып жатыр.

PHOTO-2024-05-01-17-20-32

Ауданымызда соңғы 5 жылда егін алқабының көлемі артты. Мысалы 2019 жылы 8803 га болды. Биыл 24 065 га жерге егіледі деп жоспарлап отырмыз, яғни 273,4 %-ға өсім бар. Оған себеп – біріншіден, мал басының өсуіне иелері мал азығы үшін егін алқабын ұлғайтты. Екінші себеп, жаңа технологиямен жабдықталған техникаларды қолдану.

ТҰҚЫМ МЕНЕН ТЫҢАЙТҚЫШ ЖОЛДАС БОЛСА...

Тұқымды салып, көктегенін қарап отыра береміз бе? Бітік, сапалы егін алу жолында тыңайтқыштың көмегі бар ма?

Шаруалар отандық минералды тыңайтқыштарды негізгі өндірушілер - «ҚазАзот» АҚ және «Қазфосфат» ЖШС-не өтініш беру арқылы алуға болады. Шаруашылық құрылымдары алдағы уақытта минералды тыңайтқыштарды толық құнының 40 %-ын төлеп ала алады.  Қалған 60%-ын субсидия жабады. Тыңайтқыштың тұқымның бойына тың күй бітіреді. Оны қолдану арқылы егіннің шығымдылығын 4-5 центнерге арттыруға болады.

Тағы бір әдіс - егістік жерді 22-25 см жырту арқылы егіннен алатын өнімді 20 центнер немесе одан да жоғары өнім алуға мүмкіндігі болады. – дейді бөлім басшысы.

Бұл рас сөз. Аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі ұсынған статистика оны толық растай алады. Мәселен, 2022 жылы Аралтөбе ауылдық округіне қарасты «Райхан», «Себек» «Сайнов – А» шаруашылықтары, Жымпиты ауылдық округіне қарасты «Жібек жолы» шаруашылық кешені гектарына 20 центнерден өнім алды. Ал Алғабас ауылдық округіне қарасты «Миллат» шаруашылығының өнімі гектарына 18,5 центнерге тақады. Технологияны қолданбай, яғни жерді жыртпай және тырмаламай, бірден тұқым салғандар гектарына 5-6 центнерден өнім алғанға разы болды.

Асхат Бисенғалиевтің қосқаны, - сапалы тұқымды улап егу арқылы да жақсы өнім алуға болады. Кеңес ретінде айтайын, арпаның Медикум-139 сорты ыстыққа төзімді және мол өнім береді.

Қазіргі уақытта 21883 га жердің ылғалы жабылды, яғни 96,8% алқап дән қабылдауға дайын. Ылғал жабуға 54 агрегат қатысуда. Егін науқанына 96 адам қатысуда. Бүгінгі күнге 3 шаруа қожалығы 430 га жерге арпа екті.

Жұмагелді Батырниязов «Жайлау», «Себек», «Сайнов А» және «Аңқаты» шаруашылықтарының алқаптарында болды.

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале