31.05.2023, 16:45
Оқылды: 25

Құрбандарды еске алды

Жәнібек жұртшылығы бүгін жаппай қуғын-сүргінге ұшыраған жандарға арналған ескерткіш алаңында  саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды.

IMG_8905

Олардың қазақты білім-ғылыммен сақтап, сол кезеңдегі «қараңғы қазақтың көгіне өрмелеп шығып, күн болғысы» келген кеудедегі алып армандарын, жалған жала жабылып, іштегі тілегі тұншыққанын, бақандай 125 мыңнан астам жүрекжұтқандар қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мыңы ату жазасына кесілгенін көзі қырақты оқырман жазбай таниды. Алаш ардақтыларының жартысы ақталғанымен, ендігі жартысына «Халық жауы» деп жаққан күйелері әлі қарайып тұр.

Шараға арыстардың рухына тағзым етпекке бекінген аудан әкімдігі бастаған ауыл әкімдігі қостаған бірқатар бөлім басшысы қатысты.

IMG_8931

Зиялы тұлғалардың өмір жолына бас иген жас ұрпақ өлең оқып, қатысушыларға шабыт берді. Содан соң аудан әкімі Тимур Шиниязов пен «Ардагерлер ұйымы» РҚБ аудандық филиалының төрағасы Амангелді Уәлиев, прокурор Сәкен Молдашев пен ақсақалдар кеңесінің төрағасы, ардагер ұстаз Қабаш Жүнісов, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының бірінші хатшысы Біржан Қуанәлиев пен аудандық аналар кеңесінің төрағасы Дина Сапашева құрбандарға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.

Аудандық мешіттің бас имамы Есенболат қажы Әбдуғалиев құран бағыштап, олар аңсап кеткен азаттық туының көгімізде мәңгі желбіреуін тіледі.

Жиын соңында аудандық кітапхана ұжымы ұйымдастырған кітап көрмесімен танысқан жұрт тарихқа терең бойлап, өлшеусіз еңбектерін санаға тоқып тарқасты.

 

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале