23.08.2026, 14:15
Оқылды: 15

Құрылтай сайлауы аясындағы жәрмеңке

Құрылтай сайлауына орай Переметныйдың орталық көшесінде ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған аудан орталығы мен екі-үш ауылдық округтан шаруа қожалық және жеке кәсіпкерлік өкілдері келіп, өнімдерін нарықтағыдан төмендеу бағамен ұсынды. 

image-23-08-26-02-15

Көшім ауылдық округінен келген «Урожай» шаруа қожалығының жетекшісі Юлия Канның айтуынша, олар 3,5 тонна көкөніс өнімдерін алып келген. Көтерме бағамен, яғни қиярдың келісі 300, қызанақ - 250, қырыққабат - 100, баялды (баклажан) - 300, ащы бұрыш - 1000 теңгеден көпшілікке ұсынылды. Екі сағаттың ішінде барлық өнім сатылып кетті.

Ал Зеленый ауылынан келген «Тенчурин» шаруа қожалығы сүт өнімдерімен саудалап, екі сағаттың ішінде 15 литрдей сүт пен айран, 5 литр қаймақ, 5 келі сүзбе сатқан. «Құттың бір данасын 100 теңгеден қойдым,-дейді Иралия Тенчурина.-Ал қалада оның бағасы екі есе қымбат. Бағаның төмендей болуына байланысты саудамыз жақсы жүрді».

image-23-08-26-02-15-1

Ал переметныйлық «Жанғалиев» ЖК ірі қара малының 200 келідей етін саттықа шығарды. Ет жақсы, баға қолжетімді болған соң ол көп тұрған жоқ.

Жалпы мұндағы кәсіпкелер өздері тұрған сауда-саттық орны жақсы жерде орналасқанын айтты. «Сайлау учаскесінің маңында болған соң дауыс беріп шыққан тұрғындар осында келіп саудасын жасап жатыр. Бұл бізге де, сайлауға келгендерге де тиімді» дейді олар.

image-23-08-26-02-15-5

Аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімімен бұл жәрменкеге аудандағы 12 агроқұрылым шақырылған екен. Алайда біреуінің көлігі сынып, екіншісі ауырып қалуы себепті 7-8 шаруашылық өкілдері келіп саудасын жасады. Соның нәтижесінде көкөністен 2 тоннадай қызанақ, 1 тоннаға жуық картоп, жарты тоннадай қырыққабат, баялды, бұрыш және ет пен сүт өнімдері қолжетімді бағамен саттыққа шығарылды.

 

Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале