23.08.2026, 7:30
Оқылды: 24

Құрылтай сайлауы: Сырым ауданында 10190 адам дауыс береді

Бүгін елімізде Құрылтайына сайлау басталды.  ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев Парламент палаталарын біріктіріп, жаңа жоғары өкілді және заң органды Құрылтай деп атауды ұсынды. 

75E1ADC3-4BE7-42A0-A066-D4ECB5691DD7

Құрылтайда 145 орын болады. Депутаттар 5 жылға, біртұтас жалпыұлттық округ бойынша партиялық тізіммен сайланады. Сайлаушы жеке адамға емес, партияға дауыс береді.

Сырым ауданы бойынша бүгін 12 ауылдық округте 24 сайлау учаскесі жұмыс жасайды. 

Учаскелік сайлау комиссиялары құрамында 130 адам қызмет етеді.

Дауыс беру процестерінің ашықтығын партияның сенім білдірген адамдары мен байқаушылар, қоғамдық ұйымдар өкілдері бақылайды. 

Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жергілікті атқару орган сайлауға қатысады деп 10190 адамның тізімін ұсынғанын айтады. 

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале