Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлыбек Даумов және орынбасары Мейрамбек Аққалиев Хан ордасы ауылына арнайы барып, Жәңгір хан атындағы ЖОББ мектебі мен мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмысының барысымен танысты.
Аудан басшысы жұмыс сапарын Жәңгір хан атындағы ЖОББ мектебінен бастады.
Жөндеу барысымен таныстырған құрылыс тобының бригадирі Бекзат Нұржановтың айтуынша, жөндеу белгіленген мерзімде бітеді екен. Бригадир қазіргі таңда құрылыс мариалдары толықтай жеткілікті екенін, бірер күнде ішкі жұмысты бітіретінін айтты.
Өз кезегінде аудан басшысы кейбір тұстарының жөнделуіне көңілі толмайтынын айтты. Сонымен қатар, аудан басшысы жөндеуді белгіленген мерзімге дейін бітіру үшін қосымша жұмысшыларды тарту қажеттілігін талап етті.
Ал мәдениет үйінің жөндеуіне жауапты «Әлемқұрылыс» ЖШС-ның уәкілі Алмас Канкушеевтің айтуынша, жөндеу белгіленген мерзімнен жылдам бітуі мүмкін екен.
- Қазіргі таңда құрылыс материалдарымен толықтай қамтылып отырмыз. Жалпы жөндеу жұмыстары біте келді десек болады. Келісілген мерзім тамыз айының ортасы еді. Дегенмен, жұмыс осы қарқында жүрсе, ертерек бітіреміз деген ойдамыз, - деді серіктестік уәкілі.
Еркебұлан Бисенғалиев,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz