3.04.2024, 10:30
Оқылды: 18

Құрылыс бөліміне жаңа басшы тағайындалды

 

Меритократия қағидатына сәйкес конкурстық комиссияның шешімі негізінде Бөкей ордасы ауданы әкімінің 2024 жылғы 26 наурыздағы № 60-ө өкімімен Бөкей ордасы ауданы сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы лауазымына Айымбек Егінғалиев тағайындалды.

жаңа басшы

Айымбек Нұрлыбекұлы 1993 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2015 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «қаржы» мамандығы бойынша, 2020 жылы Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

тағайындау. жаңа басшы

Алғашқы еңбек жолын 2016 жылы Бөкей ордасы ауданы ішкі саясат бөлімінің Жастармен жұмыс жасау жөніндегі ресурстық орталығының есепшісі болып бастаса, 2019 жылдан бүгінгі күнге дейін Бөкей ордасы ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

Бөкей ордасы ауданынан,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале