11.08.2022, 17:00
Оқылды: 42

Құрылыс жұмыстарының барысымен танысты

Жәнібек ауданы әкімі Азамат Сафималиев Жақсыбай ауылына ат басын тіреп, жеті тұрғын үйдің және жөнделіп жатқан көпірдің құрылыс жұмыстарын көрді. Аудан басшысы құрылысшылармен тілдесіп, жаңа үйлер сапалы салыну керектігін айтты.

4

Айта кету керек, Жақсыбай ауылында су тасқыны кезінде зардап шеккен 37 үйдің жетеуі жарамсыз деп танылған болатын. Осыған орай мамыр айында жаңа үйлердің жобалық-сметалық құжаттары жасақталып, маусым айында сараптамадан шықты. Сөйтіп, шілде айынан бастап «Қазақстан халқына» қорымен жұмыстану басталды. Кеше аталған қордың Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтіп, кеңес шешімі бойынша Жақсыбай ауылындағы салынып жатырған үйлерді қаржыландыру көзі «Қазақстан халқына» қоры арқылы өткізілетін болды. Тапсырыс беруші БҚО-ның құрылыс басқармасы болса, мердігері «Жайық Сити» ЖШС. Қазіргі кезде 7 тұрғын үйдің іргетастары құйылса, үш үйдің кірпіштерін қалау жұмыстары жүргізілуде.

Жоспар бойынша жылыту маусымы басталғанға дейінгі уақытта тұрғындар өздерінің үйлеріне қоныстану керек. Бұл жердегі 1 тұрғын үйдің жалпы ауданы 80 шаршы метрді құрайды.

Әсемгүл Әбділда,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале