10.09.2023, 20:29
Оқылды: 28

Құспанкөлде 83 жасар әже алғаш болып дауыс берді 

Сырым ауданы Шолақаңқаты ауылдық округі әкімінің сайлауына дауыс беруде Құспанкөл, Қарағанды елді мекендерінің де тұрғындары белсенділік танытты.

cabbb6a4-5094-42bc-90eb-8703fcf5528b

Атап айтсақ, сағат 15:00-ге дейін Құспанкөлде 145 сайлаушы тіркелген болса, соның 64,8 %- ы, яғни 95 тұрғын таңдауын жасап үлгерген.

- №323 сайлау учаскесіне сағат 8:50-де 83 жасар зейнеткер Тәтті Тасымбетова алғаш болып дауыс берді. 18 жасар жерлесіміз, медициналық колледж студенті Бердібек Еркін ең алғашқы рет сайлаушы атанды. Аталған тұрғындарға учаске атынан алғыс білдіріп, естелік сыйлық табыстадым, - деп ағынан жарылды №323 сайлау учаскесінің төрағасы Серік Қадыров.

IMG_5822

Ал Қарағанды ауылында 44 сайлаушының 56,8%-ы, яғни 25 сайлаушы өз таңдауын жасады. Қарағандыда 66 жасар Өсехан Атакаев алғаш болып дауыс беріп, №322 сайлау учаскесі төрағасынан естелік сыйлыққа ие болды.

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале