10.02.2022, 19:41
Оқылды: 53

Құспанкөлге спорт алаңы салынбақ

Сырым ауданы Шолақаңқаты ауылдық округінің әкімі Ерлан Журалиев тұрғындармен есептік кездесуін өткізді. Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев пен бірқатар сала басшылары жиынға арнайы қатысты. 

EE784687-B160-4B39-B172-9032FC6B3142

Өткен жылда округ аумағында бірқатар жұмыстар атқарылған.

Атап айтар болсақ, жол жөндеуден ауысқан ескі асфальтты Құспанкөл, Аңқаты елді мекендеріне және елді мекендер арасындағы жолға төсеу. Мәселе аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен округ әкіміне тапсырылды. Бұл жұмыстарды жасау «Айдана» ЖШС мекемесімен келісілген болатын. Ескі асфальт Тоғанас ауылы В.Шубин көшесінің бойымен ауыл әкімі аппараты ғимаратына дейін төселді. Аңқаты, Құспанкөл ауылдары жолына төселмеді. Қалған асфальт жол бойында үйіліп тұр.
Одан бөлек, Тоғанас-Сегізүй арасындағы жолдың бойына өсіп кеткен ағаштар ауыл әкімі аппаратының күшімен кесіліп басталған.

6895B3DA-39C2-4FDD-8C00-99FDA08A42C4
Тағы бір шешімін тапқан мәселе, Тоғанас ауылы ішіндегі иесіз күл-қоқыстарды шығару. Жыл бойына 2000 тонна иесіз жатқан күл-қоқыс шығарылған.
Мәдениеттің ошағына айналған Тоғанас ауылдық мәдениет үйін салуға құны 2 млн 975 мың жобалық-сметалық құжаттар жасақталып, келесі айда сараптамадан өткелі отыр.
Округ бойынша 57 шаруа қожалығы, 1 ауылдық тұтыну кооперативі жұмыс жасап келеді.  

2021 жылы барлығы 4459 гектар жерге жаздық дәнді және майлы дақылдар, соның ішінде 650 гектар жаздық бидай, 1450 гектар арпа, 90 гектар сорго, 1324 гектар сафлор егіліп, нәтижесінде 275 тонна жаздық бидай, 345 тонна арпа, 918 тонна сафлор алынды.

Мал азығымен қамтамасыз ету мақсатында биыл округ бойынша 27420  гектар жер шабылып, 177395 центнер шөп өнімі алынған.

Шаруа қожалықтарының материалдық-техникалық базаларын жаңарту мақсатында өткен жылы 22 ауылшаруашылық техникасы сатып алынса, соның ішінде 8-і трактор. Сол үшін өткен жылы шаруа қожалықтарына инвестсубсидия төленді.
Есепті кезеңде ауылдық округ бойынша 4499  бас ірі қара, 4899 бас қой, 433 ешкі, 2366 жылқы, 2 түйе және 1816 құс тіркелген. Өткен жылмен салыстырғанда ірі қара, қой, ешкі, жылқы басы өсіп, құс саны азайды. Малдәрігерлік жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде 98  бас ірі қара бруцеллез ауруына шалдыққаны анықталып, жойылды.

Ауыл әкімінің есептік кездесуінде тұрғындар елді мекендердегі жарық мәселесін, округ аумағын күл-қоқыстан, тұрмыстық қалдықтардан тазалау мәселесін көтерді.
Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев округ әкіміне күл-қоқыс сақтайтын полигондарды ретке келтіру, көшелерді жарықтандыру жұмыстарын жалғастыру және көшелердегі электршамдарды электрқуатын үнемдейтін фонарлармен ауыстыру, қосымша электршамдарын орнату, округ аумағында спорт үйірмелерін ашуды тапсырды. 

Одан бөлек, аудан әкімі алдағы уақытта Құспанкөл елді мекеніне спорт алаңын салуға жобалық-сметалық құжаттар жасалатынын, kcell байланыс желісі мен интернет мәселесі де қолға алынатын айтты.

 Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы

  zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале