Бүгін Жәнібек ауданы әкімдігінде аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрсұлтан Серік Жақсыбай ауылдық округінде белең алған төтенше жағдайға байланысты дер кезінде көмекке келген Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, подполковник Асхат Ержанов және Жалпақтал №17 ӨСБ-нің бастығы, азаматтық қорғау майоры Жарас Қаженовті аудан әкімінің алғысхатымен марапаттады.
Айта кетейік, сәуірдің 2-сі күні ауа райының күрт жылынуына байланысты Жақсыбай ауылын су басып, көмекке Атырау қаласынан төтенше жағдайлар департаменті, Казталов ауданы Жалпақтал ауылынан азаматтық қорғау мамандары келген болатын.
Өз кезегінде аппарат басшысы Нұрсұлтан Каримоллоұлы құтқарушыларға алғысын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Мәдина Орынбасарова,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz