16.08.2021, 19:41
Оқылды: 98

 Қылқаламға ғашық ару

Диананың сурет салуға, тігіншілікке әуестігі жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептегі ұстаздарынан дәріс алып жүргенде арта түсті.

F7ED908B-DF73-4361-9644-B8BC3A03AAB4

Марқұм, нағашы әжесі Әмина Ғайнушқызы қолынан инесі түспейтін ісмер, қылқаламмен сурет салуға бейімділігі ерекше суретші, домбыра тартатын өнер иесі болды.

A783977E-5D7C-4E80-8251-5AF5C79E2626

Ақжайықтағы орта мектепте шәкірттерге дәріс берген нағашы әжесі Әминаның осы тылсым өнері жас өскін Дианаға аумай дарығандығына әкесі Амангелді, анасы Айсұлу бүгінде таң-тамаша болып, жаратқан иесіне тәубе деседі.

Диана Даулова Нұр-Сұлтандағы қазақ технология және бизнес университетінің 4-курсында дәріс алуда.

66BD327B-0C5F-4C61-9D75-50208EC8C146

Елдегі індеттің өршуіне байланысты аталмыш университеттегі дәрісгер онлайндік режимде өткізлуде.  Ал, Диана Амангелдіқызы өзінің сурет салуға, істерлікке деген құштарлығын әсте босаңсытып көрген емес.

- Университетті тәмамдаған соң сән салонында қызметтік баспалдағымды бастауды ұйғарып отырмын. Бүгіннің өзінде университеттің қабырғасында сулы, майлы бояумен салған табиғи суреттерінің бірнеше түрлері ілулі тұр.

Өзіме дәріс беретін ұстаздарым Қарлығаш Ерғалиқызы, Гүлғайша Талапқызының бойыма небір тылсымдық дүниелерді сіңіріп, ертеңгі болашағыма талпындыра білудегі ізденістеріне, тәжірибелеріне тәнтімін, -  дейді суретші ару әңгіме арасында.

Дианамен әңгімелесіп отырып, сурет салу, киім тігудің де өзіндік ережесі, күрделі жақтары бар екендігіне қанықтық. Мәселен, қаламмен жануарлардың суреттерін салу жеңілдеу болса, майлы бояумен сурет салудың әсте күрделілігі, киындығы жетіп артылады екен.

Тіпті майлы бояумен бір суретті салуға алты ай мерзім қажет болса (кептірілуі, өңін әрлеп, келтіруі т.б) бұл бояудың құны да 40 мың теңгені құрайды.

Ал мұндай бояу түрі жергілікті өңірде өте тапшы болғандықтан Астанадан әдейі алдыруға да мәжбүр болатын кездер болады. Диана бүгінде өзінің тігін машинасымен түрлі киім үлгілерін тігуге әбден төселіп алған.

Ал көйлектер мен жейделерге ойдан, қиялдан туған суретті майлы бояумен Диананың салатындығынан құлағдар болған жергілікті тұрғындардан тапсырыстар берушілер легі де арта түсуде.  

Иә, ісмер суретші бойжеткеннің ертеңгі армандары, атқарарлық істері жетерлік. Айта кетсек, карындашпен сурет салудың өзінен бөлек майлы, сулы бояумен матаға, ыдысқа, киімдерге сурет салудың тылсым дүниесін шеберлікпен меңгерген Диананың болашағынан зор үміт күтеріміз анық.

Тіпті, өткен жылдың мамыр айында республика бойынша өткізілген «СКЕТЧ» онлайн марафон байқауына қатысқан 500-ге жуық дизайнерлер арасында «Киім үлгісі» сайысында Диана Даулова суырылып шығып, бірінші орынды иеленді.

Диананың осы жетістігіне сүйсіне отырып, келешекте университеттің қабырғасынан алған білім, тәжірибесін жетілдіріп, жеке коллекциясын халыққа ұсынатын бизнес орталығын ашса әлдеқайда тиімді болар еді демекпіз.

Айтқандайын, жымпитылық жас суретші Диана Даулованың қолынан шыққан суреттерге тапсырыс беріп, ең төменгі баға 4000 теңгеден сатып алушылар қатары да бар.

Болашақта қылқалам иелері арасындағы байқауға қатысуды жоспарлап отырған өз ісінің хас шебері Дианаға тек сәттіліктер тілейміз.

 Мүсірбек Айташев,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

 

                                                                   

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале