Жәнібек аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметіне сүйенсек, биыл аудан бойынша 153,6 мың тонна табиғи шөп мал азығы қажет.
Соның ішінде шаруашылықтарға қажетті мал азығы мөлшері 113,5 мың тонна, ал жеке қосалқы шаруашылықтар үшін қажетті мал азығы мөлшері 40,1 мың тоннаны құрайды.
8 қазан күнгі мәліметке сай, 644,8 мың гектар жер шыбылып, орташа шығымдылығы 1,7 центнер құрап, 109,6 мың тонна мал азығы дайындалып отыр. Сонымен қатар былтырдан қалған шөптің қоры 473 тонна және басқа аудандардан келген шөптің көлемі 3 742 тоннаны құрап отыр.
Барлығы аудан бойынша 109,8 мың тонна мал азығы дайындалып, жоспардың 74 пайызына жетіп отыр. Төтенше жағдай аясында қазіргі таңда 14967 орамашөп мал азығы жеткізілді.
Соның ішінде Жәнібек – 3 250, Ақоба – 1 506, Борсы – 1 050, Жақсыбай – 1 349, Қамысты – 971, Күйгенкөл – 2 183, Талов – 1 555, Тау – 1 230, Ұзынкөл – 1 873 орамашөп жеке тұрғындарға түсірілді.
Ақжайық, Тасқала аудандарынан мал азығын тасымалдау жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар агроқұрылымдарға мал азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату бойынша субсидиялау аясында Жәнібек ауданына 831 млн 522 мың теңге қаражат бөлінді.
Қазіргі уақытта 631,9 мың өтініш беріліп, бәрі де қанағаттандырылып, жалпы қаражаты 463 млн 160 мың теңгені құрады.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы