Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Мирболат Бисенов пен аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ақоба ауылындағы мал қыстақтарының жағдайын білді.
«Авдей» шаруа қожалығының жетекшісі Татьяна Сороко
Оның ішінде «Маңгүр» мал қыстағында болып, «Авдей» шаруа қожалығының жетекшісі Татьяна Сорокомен, «Адайбай» шаруа қожалығының жетекшісі Тілек Кенжеғалиевпен және ірі қара малы өсіретін шаруашылықтардың жетекшілерімен пікір алмасты.
Сонымен қатар асыл тұқымды ақбас ірі қара малы мен жылқы өсіретін «Жасқанат» қожалығына аялдады. Сондай-ақ «Айдан», «Ақжол», «Шеркеш», «Ефрем» шаруа қожалықтарына барды.
Мал қыстағының өтуі бір қалыпты, мал азығы жеткілікті дайындалған, техникалары бар, электр жарығымен қамтылған.
Ақоба ауылындағы он сегіз мал қыстағында жол аршу, қардан тазалау сияқты жұмыс жалғасып жатыр. Қыстақ халін білмекке ниеттенген басшылар Талов, Борсы ауылдарына сапарлады. Таловта үш, Борсыда алты дала мал қыстағының жолын аршу жұмысы жүріп жатыр.
Ақтілек Әлібекұлы,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz