25.01.2021, 12:41
Оқылды: 21

Қыстақтардың жағдайымен танысты

18 қаңтар күні Шыңғырлау аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Рүстем Еслямов Ақтау ауылдық округінде орналасқан "Ақтау", «Аманер", "Сұлтанбек" шаруа қожалықтарында болып, қыстақ барысымен танысты. Қыстақтардың жанар-жағармай, техника, отын-су қорларымен және мал азығымен толық қамтылғандығына көз жеткізді.

қыстақ (5)

Айта кету керек, Ақтау ауылының тұрғындары бүгінде мал, құс өсіруді жақсы жолға қойған. Шағын ауылдың әлеуметтік жағдайының жақсара түсуі – еңбек өнімділігін алға қойған шаруа қожалықтарына да тікелей байланысты. Себебі ауылдағы жұмыссыздардың көпшілігі қыс кезінде қожалық иелеріне қолғабыс етіп, еңбектерін ақшалай немесе өніммен алады.

қыстақ (4)

Бірнеше адамға жұмыс көзін ұсынып отырған шаруагердің бірі – «Ақтау» шаруа қожалығының жетекшісі Ержан Рамазанов. Ол жетекшілік ететін шаруашылықта биылғы мал қыстағында 200 мүйізді ірі қара, 400 қой қыстатылуда. Жаздай жиған шөптің 2000 орамы қыстақ басына жиылған. Қолдағы 5 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы жұмыстың табысты болуына басты сеп. Негізінен, нәсібін мал шаруашылығынан тапқан кәсіпкер аталмыш қожалықта 1998 жылдан бастап әкесімен бірге еңбек етіп келеді. Бүгінде қожалық жұмысын өз қолына алған. Жұмысы өрге басқалы талай іргелі жоспарларын іске асыра бастаған Ержан 2012 жылы шаруашылығын мал өсіруге бағыттады. Ауылда тұрып, оның барлық мүмкіншіліктерін пайдалана білу тиіс деп шешіп, меншігін үлкейтіп, мал көбейтіп, техника санын да арттыра түсті.

қыстақ (1)

Бұл шаруашылық бір-екі жыл турасында малды тағы да 200 басқа көбейтіп, субсидияға қол жеткізбек ниетте.

Шаруагер Ержан Рамазанов та пандемия кезінде тұрғындарға көмек етті. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде өнімін қолжетімді бағамен сатып, көпшіліктің алғысын ала білді.

 

                                                                                                                 А.Муса,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале