Бүгін Шыңғырлау аудан әкімі Әлия Мұханбетжанованың қатысумен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әлем сұлу әйелменен» атты кездесу өтті.
Басқосуға көп балаға өмір сыйлаған алтын құрсақты аналар, ауылдық округ пен мекеме басқару тізгінін қолға алған басшы ханымдар, ардақты ұстаздар, қоғамдық бірлестік жетекшілері мен белсенді ару қыздар қатысты.
Әлия Биғазықызы барша қыз-келіншектерді мерекемен құттықтап, алғыс хат табыстады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агентті төрағасының алғыс хатын Жаңыл Жангужиеваға табыс етсе, аудан әкімінің алғыс хатымен Дариға Оразова, Алуаш Сұлтанова, Зияш Рабаева, Қалима Еслямова, Айсұслу Абдрахманова, Жұмазия Танатова, Галина Волкогон, Нұржауған Нагиева, Қаламқас Боранбаева, Нұржамал Құлмагамбетова, Жамиля Куненова, Айман Абылкасова, Мейрамгүл Омарғалиева марапатталды.
Кеш барысында асыл ана, адал жар, аяулы апа-қарындастар тақырыбында әдемі әндер шырқалып, құттықтаулар жолданды.
Аман Сағи,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz