24.06.2025, 10:30
Оқылды: 275

Қызметімен елге сыйлы ардагерлерге құрмет

23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов ардагер мемлекеттік қызметкерлермен кездесу өткізіп, саланың дамуына өзіндік үлес қосқан ардагерлерге құрмет көрсетті.

image-24-06-25-02-45 

Кездесу барысында аудан басшысы ардагерлерді кәсіби мерекемен құттықтап,  ұзақ жылдар бойы мемлекет пен халық мүддесіне адал қызмет еткендерін атап өтіп, жылы лебізін білдірді.

image-24-06-25-02-45-1

Еркін форматта өткен кездесуде ардагерлер еңбек атқарған жылдарындағы естеліктерімен бөлісіп, өздерінің ұсыныс-пікірлерін де білдірді.

image-24-06-25-02-45-2 (1)

Шара соңында ардагерлерге гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табысталып, құрмет көрсетілді. Ұрпақ сабақтастығы мен еңбекті бағалаудың айғағы ретінде бұл шара есте қалды.

Гүлнұр Бөлешова,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале