Бір ауыл - бір өнім жобасы
10 Тамыз 2022

Бір ауыл - бір өнім жобасы

10 Тамыз 2022

"Абайды оқы, таңырқа!"

Абай ұлықталған күн
10 Тамыз 2022

Абай ұлықталған күн

Алматы облысындағы дауыл кезінде қаза тапқан ұландықты наградаға ұсынады
10 Тамыз 2022

Алматы облысындағы дауыл кезінде қаза тапқан ұландықты наградаға ұсынады

Бүгінгі жастар –  еліміздің болашағы
10 Тамыз 2022

Бүгінгі жастар –  еліміздің болашағы

Ерікті болу – жүректің ісі
10 Тамыз 2022

Ерікті болу – жүректің ісі

23.06.2021, 11:16
Оқылды: 58
Қызметімен құрдас капитан

Тәртіп сақшыларының қиын да қызықты қызметін абыроймен атқара білуі үлкен жауапкершілікті талап ететіні сөзсіз. Темірдей тәртіпті сақтап, ел тыныштығын сақтау жолында аянбай еңбек етіп жүрген полиция қызметкерлеріне жауапкершілік жүгін арқалау да оңай емес. Ол үшін білім де, білік те, білек те керек. Сабыр, төзім және қажыр-қайрат қажет. Шапшаңдық пен жылдамдық, тез шешім қабылдап, жылдам әрекет ете білу қабілеті полицейге қажетті басты қасиеттердің қатарында. Ұстамды болуы, адамдармен араласа білуі, сыпайы болуы да аса маңызды.

50C6666C-7C42-4B1E-9F3A-3FB81130115B

Өн бойынан осындай қасиеттер табылатын жас полицейлер де аз емес. Солардың бірі - полиция капитаны Әнес Харин.

Әнес Әсетұлы – Теректінің тумасы. Ақжайық ауылында дүниеге келіп, сол жерде орта білім алып шықты. «Кім боламын?» деген сұраққа жауапты мектеп қабырғасында жүріп-ақ анықтап алған жас түлек ҚР ІІМ Ақтөбе заң институтына оқуға түседі.

Төрт жыл бойы қоғамдық тәртіп, әкімшілік жауапкершілік және тағы да басқа заң-заңнамаларды оқып-білген бозбала жоғары білімді, толыққанды дайындалған маман болып шықты.

2014 жылдың көктемінде ол туған ауылында қызмет етуді бастады. Ақжайық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінде, учаскелік полиция инспекторлары тобының инспекторы қызметіне тағайындалғанда Әнес Әсетұлы жиырмадан енді ғана асқан өрімдей жас болатын.

-Кішкентай кезде баланың көбі  «мен полициямын» деп ойнайды емес пе. Мен де солай, бала кезімнен полиция болуды армандадым. Өсе келе, осы ойға тоқталдым да, құқық қорғау органында қызмет етуге бел байладым. Институт бітіріп келген соң алғашқы қызмет орнымдағы тәжірибелі әріптестерімнен көп нәрсе үйрендім. Учаскелік инспектордың жұмысы тұрғындармен тығыз байланыста жүреді. Таңнан кешке дейін, кейде түн қатып жүреміз қызметте. Қандай жағдайда да сыпайы, ұстамды болуымыз керек. Қиындығы мол, талабы қатаң жұмыс. Бірақ осы мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін. Керісінше, еліміздің азаматы, ер жігіт ретінде полиция қатарында жұмыс істеп жүргенімді мақтан тұтамын,- дейді ол.

Қазір Әнес Харин - Шалқар ауылдық округінде учаскелік инспектор. Округ орталығы Сарыөмірден бастап, аумаққа  қарасты шағын ауылдар – Шалқар мен Дуананада қандай да болмасын құқық бұзушылық жағдайларға жол бермеу, оның алдын алу, қылмыстың бетін ашу, полиция бекетіне келген шағым-арыздармен жұмыстану сияқты тынымыз әрі жауапкершілікті міндеттерді атқарады.

«Өзгеден тәртіпті талап ету үшін өзіміз тәртіптілік үлгісі болуымыз міндет» деп, қызметіне де, жеке басына да жоғары талап қойған Әнес Харин - егеменді еліміздің бір пұшпағында халыққа қызмет жасап жүрген тәртіп сақшысы. Бір қызығы, Әнес Әсетұлы өзі таңдаған қызметімен құрдас екен.

1992 жылы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдады. Бұл - Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт. Ендеше, қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күресу, халық пен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық және мемлекеттік құрылысты қорғау міндеттері жүктелген Қазақстан Республикасының Ішкі істер органы - Полиция қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймыз.

Мейрамгүл Сәрсенғалиқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале