7.03.2023, 12:45
Оқылды: 37

Қызметкерлер «Quizizz» ойынына қатысты

Теректі аудандық мәдениет үйінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағларламалар  бөлімі «Жастар Рухы» жастар қанатымен бірлесіп, «Quizizz» интеллектуалды ойынын ұйымдастырды.

IMG-20230307-WA0014

Халықаралық әйелдер күніне орай өткен сайысқа жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі мамандарынан құралған төрт топ — «Көктем», «Көңілді жандар», «Мақсат», «Самғау» қатысты.

Ойын «Ұбыты емес», «Қай ән еді?», «Ана кино ғо»,«Жарнама», «MiSiqushi», «Бұл кім?» деген алты бөлімнен тұрды. Командалар белсене қатысып, барлығына естелік сыйлықтар берілгенін айта кеткен жөн.

Сондай-ақ, Ж. Құсайнова, А. Қайрғалиева , Г. Отарова , А. Мамаева, Г. Қожағұлова, С. Хален, А. Табишева, И. Баяндиеваға  бөлім басшысы Арайлым Тасенованың атынан алғысхат пен кәсіподақ ұйымы атынан сый-сияпат табысталды.

 

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

IMG-20230307-WA0009 IMG-20230307-WA0006 IMG-20230307-WA0013

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале