Бүгін Жаңақала ауданына қарасты Қызылоба ауылының әкімі тағайындалды. 24 қараша күні өткен аталмыш округ әкімін сайлау қорытындысының нәтижесінде Теміржан Серіков ең көп 299 дауысқа ие болды. Аудан басшысы Алпамыс Көшкінбаев Теміржан Серікұлына алда атқарар қызметіне табыс тілесе, Жаңақала аудандық аумақтық сайлау комитетінің төрағасы Жанболат Бақтыгереев басшыға тіркелген әкім куәлігін табыс етіп, жаңа лауазымымен құттықтады. Сонымен қатар осы ауылды экс әкімі Аманжол Жұмағазиев пен ауыл тұрғындары да ізгі лебіздерін жолдады.
Теміржан Серіков Орал облысы, Жаңақала ауданы, Красногор ауылында 1975 жылы 25 тамыз күні дүниеге келген.
Ұлты-қазақ, білімі-жоғары. Мамандығы - дене тәрбиесі пәні мұғалімі.
1982-1992жылдары Красногор орта мектебін бітірген. Алғаш еңбек жолын 1992-1993жылдары Төртқұлақ бастауыш мектебінде мұғалім қызметінен бастаған.
1994-1998 жылдары Батыс Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университетінде «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінде білім алған.
1998-1999жылдары Орал Педагогикалық Лицейінде, 1999-2003 жылдары Орал гуманитарлық колледжінде, 2003-2005 жылдары Орал қаржы экономикалық колледжінде дене тәрбиесі пәні мұғалімі лауазымын атқарды.
2005-2014 жылдары Жаңақала ауданы Карманов ЖОББ мектеп-балабақшасында, 2014-2021 жылдары Е.Ш.Орақбаев атындағы ЖОББМ мектебінде мектеп директоры болған.
Отбасылы, 6 баланың әкесі.
Айзада Ақбасова,
Жаңақала ауданы