2.05.2018, 17:59
Оқылды: 48

Лубен палуандары жүлделі оралды

Жуырда ғана Теміртау қаласында өткен «JUDO-KIDS»дзю-до мектебінің кубогіне өткен ауқымды жарыста Қарағанды, Семей, Астана, Алматы, Екібастұз, Шымкент және Орал командалары бас қосқан еді. Осы бәсекеден ауданымызға сүйінші хабар жетті.

Бап пен бақ бәсекеге түскен жарысқа Лубен ауылдық округінен Орал командасы құрамында аттанған 2010 жане 2011 жылы туған кіші жасөспірімдер тобындағы  4 жас палуанымыз (жаттықтырушылары Бағдат Сариев) қатысқан болатын. Солардың ішінен Әділ Айсұлтан атты жас палуан 35 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орынды жеңіп алды.

Қай істе де үлкен еңбек, орынды ұйымдастырлған тәлім-тәрбие, жүйелі жаттығу нәтиже берері хақ. Ауданымыздың спорт саласының әр түрінен белді-белді, бірақ саусақпен санарлықтай бапкерлеріміз бар. Олардың тиянақты жұмысын шәкірттері жеткілікті дәлелдеп жүр. Лубен күрес мектебі де осындай нәтижелі жұмыс жасап тұрған орын. Ендеше, бәрекелді Бағдат, шәкірттерің жеңіске жете берсін дейік, жерлестер!

P.S

Сөзіміздің дәлеліндей 1 мамыр күні Оралда өткен самбо күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері Мейрамгүл Рахметованы еске алуға арналған IV республикалық турнир өтті. Еліміздің бірнеше қалалары және Ресей мемлекетінің палуандары күреске түскен турнирде Бағдат Сариевтың шәкірттері Нұрдәулет Кулов І орынды, Серікқали Наурызбаев ІІІ орынды жеңіп алды.

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале