15.03.2024, 16:15
Оқылды: 37

Мәдени қайырымдылық шара жүзеге асты

Бүгін Казталов ауданы Жалпақтал ауылында еліміз бойынша бекітілген «Наурызнама» он күндігі аясында «Іргесі сөгілмес, бірлік мерекесі – Әз-Наурыз!» атты мейрамға арналған іс-шаралар жоспары негізінде қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды.

IMG-20240315-WA0065

Қайырымдылық күніне арналған шара «Қайыр бар жерде ырыс бар» деп аталды.

Ауыл әкімдігі мен Жалпақтал Өнер мектебінің ұжымы ұйымдастырған мәдени шарада ауылда тұратын ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі балалардың үйлері қамтылып, оларға ауыл тұрғындары атынан құттықтаулар жолданып, бесаспап жігіттер мен өнерпаз қыздар арнайы мерекелік концерттен үзінді есебінде шағын нөмірлер ұсынды.

IMG-20240315-WA0107Көктем келіп, жер бусап, бар тіршілік жанданар тұста әдемі ән-жырларымен жүрекке қуаныш сыйлаған өнерлі ұжымға ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар өз алғыс білдірді.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале