«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді
7 Маусым 2023

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті
7 Маусым 2023

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады
7 Маусым 2023

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады

Оралда «Үздік маман» байқауына құжат қабылдау басталды
7 Маусым 2023

Оралда «Үздік маман» байқауына құжат қабылдау басталды

Ерлі-зайыпты неке түнінен кейін бөлмелерінен өлі табылды
7 Маусым 2023

Ерлі-зайыпты неке түнінен кейін бөлмелерінен өлі табылды

Алты көлік өртенген. Астанада тұрғын үй кешеніндегі өрт туралы мәлімет пайда болды
6 Маусым 2023

Алты көлік өртенген. Астанада тұрғын үй кешеніндегі өрт туралы мәлімет пайда болды

Мәдениет қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Бүгін Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылды.

6AF0B430-9904-48D2-B71B-744EFA1951BD

Мерекелік кеште аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова рухани байлықты дамытуда және мәдени дәстүрлердің дамуы мен сақталуына үлес қосқан мәдениет саласы қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, өнеріміздің көкжиегін кеңейтіп жүрген өнер адамдары мен сала қызметкерлеріне алғысхаттар табыс етті. Ең алдымен, аудан басшысы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Ескалиевтың атынан  «Үздік мәдениет қызметкері» төсбелгілерін аудандық мәдениет үйінің директоры Г.Жұмағазиева мен аудандық мәдени-демалыс орталығының әдіскері Қ.Жұбаниязоваға табыс етті. Сонымен қатар Қазақстан салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы, қоғамдық бірлестігінің төрайымы С.Иманқұлованың Құрмет грамотасын, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Нарымбетовтың, аудан әкімінің және мәдениет пен кітапхана саласына жетекшілік ететін басқарма басшыларының алғысхаттарымен бірқатар мәдениет саласының қызметкерлерін, тіпті осы салада ұзақ жылдар бойы қызмет еткен, бүгінде зейнеткерлік демалыстағы ардагерлерін де марапаттады.

2D59F2C2-988D-4A28-988A-62429B05C569

Салтанатты шарада рухани байлығымызды, мәдениетімізді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші - зиялы қауым өкілдерінің құрметтеріне жылы лебіздер айтылып, концерт қойылды.

 Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале