Шыңғырлау аудандық «Дән» мәдениет үйінде салтанаты келіскен мерекелік шара өтті.
Оған себеп жыл сайын аталып өтілетін 21 мамыр - мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Аталмыш мерекеге орай «Мәдениет - өмір айнасы, өнер қоймасы» тақырыбындағы жиын және концерттік бағдарлама ұйымдастырылған. Шараға келген аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев ең алдымен ауданның мәдениет саласында қызмет жасап жүрген ұжым мүшелерімен танысып, жағдайларын білді.
Сондай-ақ осы саланың жетекшілері, бір топ қызметкері мен техникалық жұмысшылары да түрлі дәрежедегі алғысхаттармен және сыйлықтармен марапатталды. Ауданымыздың мәдениет саласының дамуына үлестерін қосқан және қазіргі таңда зейнет жасына шыққандарды құттықтаған аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев, «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы директоры Азамат Тағаниязов және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлім басшысының міндетін уақытша атқарушы Райымбек Таужановтың қолынан БҚО мәдениет басқарма басшысының, облыстық халық шығармашылығы орталығының және облыстық мәдениет және баспасөз құралдары қызметкерлерінің кәсіподағы атынан марапат алды.
Концерттік бағдарламада әсем ән шырқалып, жаңаша стилдегі орындаулар көрерменнің көңілдерін бір көтеріп тастады.
Айсұлу Арыстанова,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz