Бөкей ордасы ауданындағы жалғыз майдангер Нәсіпқали Жұмағалиев қарттыққа бой алдырмаған қария. Тоқсаннан асса да, рухани қоректі бірінші орынға қоятын адам. Қолынан кітап-газет түспейді. Қоғамдағы мәселелерге сергек қарап, өзінің азаматтық пікірін сауатты түрде айтып та отырады.
− Күн сайын басылымдарды оқып, теледидарды қарап отырсам, тек біздің ел емес, тұтас ғалам коронавирустың құрсауында қалғандай. Ақ халаттылар алғы шептегі батырлар сияқты. Ажалмен бетпе-бет «соғысып» жатыр. Мерт болғандары қаншама?! Қартты да, жасты да аяп тұрған жоқ. Батар күнмен осы итжығыс «майдан» бітсе екен, атар күннен елде амандық болса екен деген жалғыз тілек бар, -дейді.
Майдангер аудандық аурухананың қажетіне жарар деп өз атынан 100 000 теңге аударды.
Ұлпан Әнуарқызы,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz