28.07.2020, 18:20
Оқылды: 76

Майдангер де үлес қосты

Бөкей ордасы ауданындағы жалғыз майдангер Нәсіпқали Жұмағалиев қарттыққа бой алдырмаған қария. Тоқсаннан асса да, рухани қоректі бірінші орынға қоятын адам. Қолынан кітап-газет түспейді. Қоғамдағы мәселелерге сергек қарап, өзінің азаматтық пікірін сауатты түрде айтып та отырады.  

1185E29F-F951-4634-B1F7-B9D5D5F2F4DC

− Күн сайын басылымдарды оқып, теледидарды қарап отырсам, тек біздің ел емес, тұтас ғалам коронавирустың құрсауында қалғандай. Ақ халаттылар алғы шептегі батырлар сияқты. Ажалмен бетпе-бет «соғысып» жатыр. Мерт болғандары қаншама?! Қартты да, жасты да аяп тұрған жоқ. Батар күнмен осы итжығыс «майдан» бітсе екен, атар күннен елде амандық болса екен деген жалғыз тілек бар, -дейді.

Майдангер аудандық аурухананың қажетіне жарар деп өз атынан 100 000 теңге аударды.

Ұлпан Әнуарқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале