9 мамыр – Ұлы Жеңіс мерекесі Шыңғырлау ауданында өз дәрежесінде тойлануда. Қасиетті де қадірлі бұл Жеңіс күнін шыңғырлаулықтар, ең алдымен, Ұлы Отан соғысында ел қорғау үшін жанын пида еткен боздақтарымызға арналған ескерткіш - «Даңқ» обелискісіне гүл шоқтарын қою рәсімінен бастады.
Шараға ауданымыздың ардагерлер ұйымы, шыңғырлаулық тұрғындар және қонақтар, мекеме-ұжымдар мен қоғамдық бірлестік өкілдері қатысты. Жиналғандардың алдында аудан әкімі құттықтау сөз сөйлеп, Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ ауыл ақсақалы, тыл еңбеккері Мұхамбетнағым Баймағамбетов те жерлестерін Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтады.
«Данқ» ескерткіші алдында тағзым етіп, оны гүлмен көмкергендердің барлығының да тілектері тек ендігі уақытта елімізде мұндай соғыс болмасын деген бір ғана тілек болды.
Ал Шыңғырлау аспанында сол бір сұрапыл күндердің жаңғырығындай «Журавли» әні қалықтап тұрды.
А.Аңсар,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz