10.01.2017, 18:51
Оқылды: 49

Мал қыстату – жауапты кезең

kaztalov-mal-kistatu-jauapti-kezen  Қазталов аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі мәліметінше, ауданда 70496 ірі қара, 219374 бас қой мен ешкі, 19878 бас жылқы, 196 бас түйе бар. Аудан бойынша 335112 тонна мал азығы дайындалып, күні бүгінге қыстақтардағы мал азығы 125291 тоннаны құрайды.


    Аудандағы 284 қыстақтарда 28422 бас мүйізді ірі қара, 105160 бас қой мен ешкі, 11760 бас жылқы және 113 бас түйе қыстатылуда. Оларда жол қатынасын реттеу, жол аршу жұмыстары жүргізілуде. Елді мекендермен байланыс жасау үшін ауыл шаруашылық құрылымдарының К-700 және МТЗ-82 дөңгелекті тракторлары пайдаланылуда.

  – Былтырғы жылы жаз айларында жауын-шашын молынан түсіп, мал азығын артығымен жинап алдық. Қарашаның аяғынан бастап мал қыстауға тұрды. Қыстақта 200 бас ірі қара, 800-ге тарта қой-ешкі бар. Әзірге қыс қаҺарына міне қойған жоқ, жайлы болып тұр. Мал азығы толығымен жетеді деп отырмыз, - деді Бозой қыстағындағы шаруа Сағынбек Шайхиев.

  Қыстың көбі кетіп, азы қалған сияқты көрінетіні де рас. Қаңтар түгесілуге қалды. Қазақ «жақсы болсаң құт, жаман болсаң жұт» дейтін ақпан — қысқа ғана ай. Арқамызды кеңге салып, наурызды көктемге қосып жүрміз. Демек, мал қыстатудың көп жүгі артта қалғанын теріс деуге болмас.

Қайрат ЖАҚЫП

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале