12.05.2022, 12:14
Оқылды: 57

Мәншүк мұражайына бардық

Жеңіс күні қарсаңында теректілік белсенді жас оқырмандарды жинап, батыр жерлесіміз Мәншүк Мәметованың мұражайына арнайы барып келдік.

87C7CA8A-54A5-4539-9A56-35AF939AE8AA

Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова – жеке басының өжеттігі, отансүйгіштік қасиеттерімен бүгінгі жастарға үлгі болар тұлға.

Жерлесіміз, Бөкей ордасында дүниеге келген М.Мәметова 20 жасында майданға өз еркімен аттанған. 1943 жылы шабуылға көшкен кеңес әскері азат ету шайқастарын жүргізіп жатты. Песков облысы, Невель қаласы түбінде болған ұрысқа Калинин майданы, 3 екпінді әскердің 21-ші атқыштар дивизиясы құрамына түскен пулеметші Мәншүк жетпістен аса жауды жайратқан екен. Сол шайқаста ол қаза тапты.

Мұражайда Мәншүктің ерлік жолымен танысып, адами қасиеттерінен сыр шерткен жәдігерлерді көзімізбен көрдік.  Мәдина Нұрдаулет оқырманымыз Мәншүк Маметованың майданнан анасына жазған хатын оқыды. Інжу Ержан мен Шырын Нұржан батыр қызға арналған өлендерді мәнерлеп оқып берді.

Жиырма жасында жұлдыздай ағып түскен Мәншүктің, барша майдангерлердің  рухына тағзым еткен жас ұрпақ мұражайдан мол әсермен оралды.

 Илан Тінәлиева,

Долин ауылдық кітапханасының кітапханашысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале