13 желтоқсан күні Казталов ауданы орталығында ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы жөнінде қорытынды жиын өткізілді. Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Сәрсенбай Молдашев, «AMANAT» партиясы Казталов аудандық филиалының атқарушы хатшысы, Қасым-Жомарт Кемелұлын қолдау жөніндегі халықтық коалицияның аудандық штабының төрағасы Сәкен Ищанов, аудандық мәслихат депутаттары, белсенді азаматтар мен қоғамдық штаб мүшелері қатысты.
Қорытынды жиынның алғы сөзін алған Сәкен Сәлімжанұлы саяси науқанға үлес қосқан азаматтардың баршасына ризашылықтарын білдіріп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы мен халықтық коалиция төрағасы Ерлан Қошановтың алғысхатын табыстады. Жиын барысында қоғамдық штаб мүшелері де алғыстарын айтып, Әділетті Қазақстанды құруда күш-жігерлерін аянып қалмайтындықтарын атап өтті.
Сонымен қатар, ауданның бірқатар маңызды мәселелері талқыланды.
Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz