19.07.2022, 9:15
Оқылды: 20

Мәрмәрдай мықты Мағмор

Азан шақырып қойған есім адамның болашағына да әсер етеді деп сенген бабаларымыз. Көп ұлтта осындай сенімнің бар екені рас. Сондықтан ата-бабаларымыз нәрестеге есім таңдау ісіне ертеден жауапкершілікпен қараған. Бекбол немесе Айнагүл деген аттардың мағынасын ұғыну қиын емес, ал көп естіле бермейтін есімдердің құпиясын ашу ойлы азаматты қызықтырары хақ.

1

Бүгінгі мақаламыздың басты кейіпкері – көп балалы ана, сайқындық зейнеткер Мағмор Молдашева.

– Менің есімімді Молдаш атам қойған. Тоқсанның үшеуіне келіп дүние салған атамнан оның мағынасын сұрағанымда, ол бір қадірлі тастың атауы деп түсіндірді. Өзі арабша танып, намаз оқитын кісі еді. Сондықтан бұл сөзді Құран аяттарынан оқыған болар деп ойлаймын, – деп кейіпкеріміз естіп, білгенімен бөлісті.

Осы мәлімет арқылы анықтағанымыз, Молдаш атаныңмеңзегені латынша «marmor» аталатын мәрмәр тасы болуы мүмкін. Олай болса, үлкен кісі немересінің кристал секілді көз қызығатындай әдемі және мәрмәрдай мықты болуын тілеген деп түсіндік. Өзге деректерде Мағмұр емес, Магмур деген татар халқының есімі делінген. Магмур есімінің иелері – мақсатшыл, мықты тұлғалар. Олар болашаққа оптимистік көзқараспен қарайтын өр мінезді боп келеді. Өзінің тәуелсіздігі мен құқығын жоғары бағалайды. Олар керемет есте сақтау қабілетіне ие, бір уақытта бірнеше нәрсені жасай алады, сонымен қатар қырағы боп келеді екен.

Хакім Абай өз туындыларында адамның дүниегеқызығуын «мағмұрлық» деп келтіреді. Оны «Дүниеге, өмірге қызықпайтын, оның рақатын іздемейтін адам жоқ, себебі адамның дүниеге мағмұрлығы да Алла әмірімен болған іс» деген сөздерінен байқауға болады. Сайып келгенде, Мағмор есімді азаматтар жаңашылдыққа жаны құмар, мақсатқа жету жолында тастан да қатты талап қоябілетін адамдар деген тұжырым жасауға болады. Кейіпкеріміз елді бастаған көшбасшы болмағанымен, балаларының білімге деген құштарлығын оятып, ұстаз болуға лайықты ұл-қыздарды тәрбиелеген ана деп анық айта аламыз.

Раушан Жанатқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале