30.09.2021, 12:14
Оқылды: 40

Мәселелер пысықталды

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінде ағымдағы мәселелер пысықталған жиын өтті. Алдымен аудандық статистика басқармасының басшысы Тілеген Кадимов ұлттық халық санағының өту барысын баяндай келіп, туындап отырған мәселелерді алға тартты. Баяндамашы аудан халқының санақтан өту барысын белсенді деп бағалайтынын айтады. Сайқын ауылдық округіндегі  5161 тұрғынның 3295-і, Орда ауылдық округінің  3070 тұрғынының 1656-сы,  3141 бисендіктің 1835-і, 943 мұратсайлықтың 701-і, 970 саралжындықтың 633-і, 1194 ұялылықтың 804-і санақтан өткен.

20210917035103_IMG_1182

 

Мемлекеттік науқанды ұйымдастыруда екі инструкторлық учаске құрылып, он сегіз санақ персоналы жұмысқа тартылды. Оның екеуі нұсқаушы бақылаушы болса, қалған он алтысы  – интервьюер. Мекеме басшысы интервьюерлердің елді мекендерге баруын қамтамасыз етуді сұрады.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Шыңғыс Абдоллин алдағы қайырымдылық айлығына жоспарланған іс-шаралармен таныстырса, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Жаслан Мұхитов қазан айында жүзеге асады деп күтілетін экологиялық айлықтың барысынан хабардар етті.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Нұрлыбек Даумов:

-Тойға рұқсат берілді, карантиндік шектеулер жеңілдеді деп, арқаны кеңге салуға болмайды. Алдымызда ауа райы суытып, жауын-шашынды күндер тұр. Тұмау көбейсе, пневмонияға ұласып, індетпен тынуы мүмкін ғой. Осыны назардан шығармайық. Жоғалтқан жақындарымыз көп. Вакцина алу қарқынын түсірмеуіміз қажет. Осы орайда  Бисен, Орда және Мұратсай ауылдық округтерінің әкімдері мен ақ халаттылары  тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын ширатуымыз керек. Карантин, пандемияның күні ертең қайтадан өз күшіне мініп, қайтадан қызыл аймаққа оралуымыз әбден мүмкін. Оған вакцина алмаған ауылдастарымыз болуы себеп болуы да ғажап емес, - дей келіп, әр мекемеге жылыту маусымына дайындықты бір пысықтап, жекелей есеп тапсыруды жүктеді.

82121377-8B0A-4691-8FFA-F748C76A9329

Аудан басшысының тағы бір тоқталған мәселесі – мал азығының қысқы қорының дайындалуы болды. Әзірге 194 мың тонна мал азығы дайындалған. Бисен, Орда және Масин ауылдық округтеріне мал азығының қорын барынша мол жинап алуға әрекеттенуді тапсырды. Нұрлыбек Жасқайратұлының тағы бір қатаң тапсырғаны – жем-шөп сатушылар алдымен өзінің ауылдық округін толық қамтамасыз етуі керек, яғни, ауылдасына сатпай, ауыл аттап, екінші ауылға барып сатуына жол бермеу керек.

­−Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын деген халықпыз ғой. Ауыл тұрғындарының басым көпшілігі шөп алып үлгермеген, тапсырыс көп. Ал шөп дайындаушылар ауылдасын былай қойып, екінші елді мекенге тасуда, - деп осы шаруаны реттеуді тиісті мекеме басшыларына тапсырды.

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

Жиыннан белгілі болғаны − күн тәртібіндегі уақыт күттірмейтін мәселе Бисен ауылына қатынайтын Қарағаш жолының жайы жауын тыйылып, жер дегдісімен қолға алынбақшы.

Ұлпан Әнуарқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале