12.07.2023, 18:16
Оқылды: 27

Материалдық көмек алу үшін құжаттар тапсыру қажет

Естеріңізге сала кетейік, шілде айының 10-ы күні Теректі ауданында бірден төрт ауылдың маңында құрғақ шөп өртенген еді.

IMG-20230712-WA0122

Ауданға қарасты Құмақсай, Шаған, Приречный, Әйтиев ауылдарындағы өрттің шығуына аймақтағы аптап ыстық пен екпінді жел себеп болған. Әсіресе, Әйтиев ауылында қатты өрт болды. БҚО Төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 50 гектар, соның ішінде 26 гектар мемлекеттік орман қоры, 24 гектар құрғақ шөп, екі шаруашылық ғимарат өртке оранған.

IMG-20230712-WA0074

Оны сөндіруге коммуналдық қызметтердің барлық техникасы жұмылдырылған, сондай-ақ, жеке ұйымдар да қосылған. Адам шығыны тіркелген жоқ.

IMG-20230712-WA0079

Ақсуат ауылдық округінің әкімі Жаннұр Ахметовпен тілдескен едік.
— Әйтиев ауылына аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова келіп, өрттен зардап шеккен тұрғындармен жездесті. Материалдық көмек алу үшін заңды түрде құжаттар тапсыру қажет екенін айтты. Сонымен қатар тұрғындардың қорасындағы өртенген шөптің орнын толтыруға көмектесетінін білдірді. Одан бөлек басқа да шаруаларды ұйымдастыруды біздерге шегелеп тапсырды. Адам, мал шығыны болған жоқ. Қазір жағдай жақсы, – дейді Жаннұр Бекбауұлы.
Ал Шаған ауылдық округінің әкімі Ербол Есеев:
— Ауыл маңындағы орман өрті сөндірілді. Қора-қопсы, үй-жайлар дін аман. Өңір басшысы Нариман Төреғалиев орын алған жағдайды көріп, келешекте алдыналу шаруалар жайында кеңес берді, – деді округ әкімі.

Айшабибі Мәмет,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале